Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің несиелерін жылдық 10%-ға дейін арзандатуда

Мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің несиелерін жылдық 10%-ға дейін арзандатуда

Биыл мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелерін арзандатуда. Мемлекеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын алуға бағытталған лизинг пен аграрлық саладағы өндірісті дамыту үшін алынған ақшалай несиелерге төленеді.
Мемлекеттік қолдаудың бұл түрі «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында бекітілген. Міндеті – фермерлер үшін несиелердің қолжетімділігін арттыру.
Бірінші кезекте, фермерлердің етті және сүтті мал, қой шаруашылығы салаларындағы, бақша шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы бизнесін дамытуға, сонымен қатар аталған салалар үшін лизингке алынған техника мен жабдықтар субсидиялауға жатады. Саланың бұл бағыттары басымды болып келеді, сондықтан мұндай өтініштер бірінші кезекте қаралады. Жалпы алғанда, аграрлық өндірістің барлық бағыттары бойынша алынған несиелер арзандатылады.
Бағдарлама талаптары бойынша қарыз алушылардың теңгемен алынған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-дан аспайтын, шетелдік валютамен алынған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-дан аспайтын кредиттік және лизингтік міндеттемелері субсидиялауға жатады.
Айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингісіне арналған теңгемен алынған кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-ға, шетелдік валютадағы кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша 5%-ға төмендетіледі.
Мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған теңгемен алынған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-ға, шетелдік валютамен алынған несиелер бойынша жылдық 7%-ға төмендетіледі. Мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы техника мен құрал-жабдықтардың нақты қай түрлері арзандатылатыны субсидиялау қағидаларында көрсетілген.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдіруші барлық қарыз алушылар несие алған екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компанияларға өтініш бере алады.
Барлық шаруаларды алған несиелерін арзандату мүмкіндігі туралы барынша хабардар ету мақсатында «Қазагромаркетинг» АҚ-ның сall-орталығында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Фермерлер осы орталыққа қоңырау шалып, бағдарлама шарттары туралы мәлімет ала алады. Жедел ақпар ұсыну телефоны: 8 800 080 70 80. Қазақстанның барлық аумақтарының стационарлық телефондарынан және кез келген ұялы телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін болып табылады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus