Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕСУРСТАРҒА АСТЫҚ САТЫП АЛУ ҮШІН 1 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАҒА АГРАРИЯЛАРМЕН ШАРТТАР ЖАСАСТЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕСУРСТАРҒА АСТЫҚ САТЫП АЛУ ҮШІН 1 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАҒА АГРАРИЯЛАРМЕН ШАРТТАР ЖАСАСТЫ

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу үшін 1 млрд. теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен (АШТӨ) шарттар жасасты.

Белгілі болғандай, республикада азық-түлік қауіпсіздігін,жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету және астық нарығын жедел реттеу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жыл сайын мемлекеттік ресурстарға астық сатып алады.

«Мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 349 қаулысымен мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыру үшін 13 млрд. 750 млн. теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат сомасы белгіленді, олардың ішінде:

6 млрд. 875 млн. теңге мөлшерінде көктемгі – жазғы қаржыландыру арқылы;

6 млрд. 875 млн. теңге мөлшерінде күзгі кезеңде.

Көктемгі – жазғы қаржыландыруға қолданылмаған ақшалай қаражат күзгі кезеңде астық сатып алуға қолданылатын болады.

2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша аталған бағдарламаға аграриялардан жалпы 1,024 млрд. теңге сомаға 20 өтінім келіп түсті. Өтінімдерді қарағаннан кейін, 1,024 млрд. теңге сомаға 20 шарт жасалды. Олардың ішінде екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) кепілдемелері берілгеннен кейін сомасы 830 млн. теңгеге 13 өтінім қаржыландырылды. Қалған өтінімдер АШТӨ ЕДБ кепілдемелері беріуіне қарай қаржыландырылады.

Үстіміздегі жылы көктемгі – жазғы қаржыландыру арқылы мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу екінші деңгейлі банктердің кепілдемелерін беру шартымен бидайдың 1 тоннасына 20 000 теңге мөлшерінде АШТӨ-ді алдын ала қаржыландыру есебінен жүргізілетінін естеріңізге саламыз. Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алудың нақты бағасын күзгі кезеңде нарықтағы қалыптасқан бағаның негізінде ҚР Үкіметі белгілейтін болады.

АШТӨ міндеттемелерін орындауы күзгі кезеңде ҚР Үкіметі белгілейтін сатып алу бағасынан 3% мөлшеріндегі дисконтты есепке алғандағы тиісті астық көлемін 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

Аграриялардың аталған бағдарламаларға қатысуға өтінімдері Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық (өңірлік) өкілдіктерінде қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ
+ 7 (7172) 59 12 69
http://fcc.kz/ru/article/2300

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus