Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Көктемгі-далалық жұмыстарды өткізу үшін 40 млрд теңге бюджеттік несие қарастырылып отыр

Көктемгі-далалық жұмыстарды өткізу үшін 40 млрд теңге бюджеттік несие қарастырылып отыр

18.02.2014 ж. Астана қ.

2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,8 млн га жерде орналастыру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға артық. Дәнді-дақылдар – 15,9 млн га, майлы дақылдар – 2 млн га, азықтық дақылдар – 3,4 млн га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 410 мың гектар жерге отырғызылмақ.

Жалпы көзделіп отырған ауыл шаруашылық алқабы меморандумдармен қарастырылған индикативті көрсеткіштен 345,7 мың гектарға көп. Ал майлы, азықтық және көкөніс-бақша дақылдары бойынша көрсеткіштері 139,4 мың. га, 127,5 мың. га және 19,6 мың. га. сәйкесінше артық.

Жаздық егіске берілген тұқым 99,3% қамтамасыз етілген. Тұқым тапшылығы 16,9 мың тонна көлемінде күтілуде. Тұқым тапшылығы облыстардың, сондай-ақ мемлекеттік ресурс есебінен толықтырылмақ.
Қазіргі таңда себілген тұқымның 62% тексеріліп, 61 % кондицияға сай деп танылды.
Гидрометқызметінің мәліметтеріне сай көктемдік-далалық жұмыстарының басында республика бойынша топырақ ылғалдылығы оптималды және қанағаттанарлық деп күтілуде.

Көктемдік-далалық жұмыстарын материалдық-техникалық жабдықтау және қаржылай қамтамасыз ету сұрақтары шешілді.
Оның ішінде, былтырғы жылдағыдай «Казагро» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдары арқылы АӨК субъектілерін несиелендіру жүзеге аспақ. Бұл шараға 40 млрд теңге бюджеттік несие көзделіп отыр. Оның 14 млрд. теңгесі екінші деңгейлі банктермен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігіне астықты форвардтық сатып алуға бағытталмақ. Қаржыландыру 1 гектарға 6000 теңге есебінен жүргізіледі. Аталмыш бағдарламаға Казагро қаржылық институттарының алдында мерзімі өткен берешегі жоқ ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жіберілмек.

Бұған қоса, бюджеттік несие қаражаты микрокредиттік ұйымдар арқылы АӨК субъектілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға және АШТӨ кейін қаржыландыру үшін бағытталады.

«КазАгро» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдары АӨК субъектілерін келесі жағдайларда қаржыландырады:
– жылына сыйақы мөлшерлемесі 5 % аспайтын – банктік кепілдендіру түрінде қамтамасыз етуді ұсыну;

– қаржыландыру жылының соңында қарыз алушыға несие соммасынан жылына 5 % көлемде комиссия төлеу шартымен – форвардтық астық пен арпа сатып алуын жүзеге асыру;

– жылына 5 % сыйыақы мөлшерлемесімен микроқаржылық ұйымдармен несиелік серіктестіктерді қаржыландыру, мұнымен микроқаржылық ұйымдармен несиелік серіктестіктер қарызды соңғы қарыз алушыларға жылына 9 % мөлшерлемемен ұсынады.
Қаржы бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдеріне ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тізімін қалыптастыру мақсатында Координациялық кеңестердің жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ әкімшіліктер 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ алдында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қарыздарын өтеу бойынша шара қабылдаулары қажет. Егіншілік шаруашылығының барлық саласын субсидиялауға ү.ж. 71,2 млрд теңге, сондай-ақ көктемдік-жазғы қаржыландыру арқылы мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуға – 3,5 млрд теңге бөлінбек.
АШТӨ көктемдік-далалық жұмыстарын өткізу үшін арзандатылған жанар-жағармай қажетті 360 мың тонна көлемінде операторлардың шығындарын ескере литрына 95 теңге есебімен ұсынылып отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жұмыстары жалғастырылуда. Егін егу науқанында 3 мың бірлік жоғары сапалы техника қолданылмақ. Бұл оптималды агротехникалық мерзімде 60% астық алқабын себуге мүмкіндік тудырады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел. 555 765
Еmail: minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus