Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Дертке шалдыққан асыл тұқымды мал жойылатын болды

Дертке шалдыққан асыл тұқымды мал жойылатын болды


Сырттан әкелінген зеңгі баба тұқымы төңірегіндегі шу саябырсымай тұр. Өткен жылдың күзінде Австриядан әкелінген 722 бас ірі қара енді төлімен жойылмақ.

Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен жиында вице-министр Гүлмира Исаева айтты.

Даудың басы – Дайрабайдың көк сиырының керін келтірді бұл оқиға. Бірақ, бұл жолы ірі қара төңірегіндегі шу – Австрия мемлекетімен тікелей байланысты. Осы елден былтыр күз айларында әкелінген 722 бас ірі қара түгелдей айықпас вирустық ауруға шалдыққан болып шықты. Еліміздің салалық министрлігіндегілер бүл мәселеге Австрияның ветеринарлық қызметін айыптап отыр. Айтуларынша, олар Қазақстандық тарапқа малды сату кезінде олардың вирустық диарея дертіне шалдыққандығын жасырып қалған.

Гүлмира ИСАЕВА, ҚР АШМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
-Сонымен қатар, өткен жылғы жаздың аяғында Австриядағы ірі қараны тексеру барысында жануарлардың 90 пайызына дейінгі көлемінің қанында Шмалленберг вирусына антиденелер табылған. Бұған қоса, аталған топтамада жеткізілген малдың арасында инфекциялық ринотрахеит жұқтырғандар анықталды.

Министрліктегілердің айтуынша, карантиндік іс-шараларды өткізу барысында «Республикалық ветеринарлық зертхана» мен «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мамандары мал қанынан қоздырғыш вирустық диареясы мен Шмаленберг ауруын анықтаған. Кейін бұл зерттеу қорытындыларын Ресей мен Ұлыбританиялық мамандар да қуаттады.

Гүлжан НҰРТАЗИНА, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Австриядан әкелінген малдардың бұзаулары 6-7 айылқ болды. Ал қазіргі уақыт ресейлік әріптестерімізден естіп отырмыз бұл әсіресе 2-3 аптадағы малдарды іш тастатады. Сондықтан біз әзір білмейміз бұл малдардың 2-3 рет төлдеуіне қалай әсер етеді. Мүмкін бұдан малдарымыз төлдемей, бедеулікке ұшырай ма екен? Және бұл біздің қазіргі экспорттық әлеуетімізге үлкен қауіп төндіріп отыр.

Сондай-ақ, зерттеу барысында Шмаленберг дертінің құрамында өлім-жітімнің жоғарылығымен сипатталатын вирусты конго-қырым геморрагиялық ауруының қоздырғыштары бар екендігі белгілі болды. Мамандардың айтуныша, бұл ауру аса қауіпті болып есептеледі. Сондықтан шет елден жеткізілген мал басы, төлімен бірге толық жойлуы тиіс.

Шахайдар ТҰРСЫНҚҰЛОВ, ҒАЛЫМ:
-Қазақстан мал дәрігерлік мекемесі уақытысында тауып, уақытысында тоқтатып отыр. Екі жылдың ішінде бүкіл батыс еуропаны жайлап кеткен бұл ауру. Егер бұл ауру бізде тараса ертең Солтүстік Қазақстанды, бір жылдан кейін Шымкентке жетер еді.

Баспасөз маслихаты барысында Вице-министр, індеті бар жануарлар үшін төленген қаржыны қайтару талап етілетіндігін мәлімдеді. Айтуынша, «ҚазАгроқаржы» қажетті құжаттардың топтамасын әзірлеп жатқандығын айтады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus