Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Дала күні

Дала күні

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға ынталандыру мақсатында, Ақмола облысы Зеренді ауданының Шағалалы ауылында «Дала Күні» НемАО және ҚӘТҚ» республикалық көрмесі болып өтті.

Шараны «Неміс аграрлық орталығы» мен «Қазақстандағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығы» ұйымдастырды.

Еліміздің әр түкпірінен келген егіншілер үшін мұндай семинарлар – өзара тәжірибе алмасып, танысып, білісудің бірегей мүмкіндігі.

Жиын барысында жазық далаға Claas, Horsch, John Deere, JCB, Lemken, Deutz Fahr техникалары шығарылды. Сонымен қатар, топырақты қопсытатын, егін салатын және егістікті қорғауға көмектесетін техникалар тізбегі таныстырылды.

Аталған жиынға Германия тарапынан Германия федеральдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы парламенттік статс-секретары, ал Қазақстан тарапынан ҚР АШМ, «Атамекен» ҰКҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш елді мекенде екі елдің Ауыл шаруашылығы органдары делегацияларының бас қосуы мүдделес тараптардың ауыл шаруашылығы саласын бірлесіп дамытуға деген зор ынта-ықыласының айғағы.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus