Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымымен (ХЭБ) ынтымақтастық

Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымымен (ХЭБ) ынтымақтастық

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының Бас директоры М.Элуамен кездесті.

Кездесу барысында Халықаралық эпизотиялық бюро мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ҚР ветеринарлық қызметіне PVS тиімділігін бағалауды қайтадан өткізу, қазақстандық зертханалардың ХЭБ талаптарына сәйкес халықаралық статус алуы, ХЭБ кеңселерінде еліміздің ветеринарларына тәжірибеден өту және ХЭБ қызметкерлерінің шекарадағы жануарлар ауруына (нодулярлы дерматит, шошқалардың африкалық оба ауруы) байланысты кеңес беру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, біздің еліміз бен ХЭБ-тің Астана қаласындағы субрегионалды үйлестіруші кеңсесімен жақсы жұмыс жасалғанының нәтижесі ретінде аусыл және шошқалардың африкалық оба ауруынан таза аймақ атанғанын М.Элуа атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ аса қауіпті жануарлар ауруына қарсы күресті жергілікті деңгейде арттырудың бірлескен стратегиясын жасау және ХЭБ-тің халықаралық сарапшыларымен бірігіп Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметін арттыру бойынша келісімге келді.
Кездесу барысында Қазақстанның аусылдан таза аумақ статусын сақтау қажеттілігі сөз болды.

Айта кетейік, Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымы – (Халықаралық эпизотиялық бюро, ХЭБ) 90 жыл бұрын құрылған үкіметаралық ұйым. Штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Қазіргі таңда ХЭБ-ке әлемнің 180 мемлекеті мүше болып отыр, оның ішінде біздің еліміз де бар.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved