Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Дәнді дақылдар түсімділігі өткен жылдың осы кезеңінен 4,7 ц/гектарға артық

Дәнді дақылдар түсімділігі өткен жылдың осы кезеңінен 4,7 ц/гектарға артық

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов биылғы егін жинау жұмыстарының тиімділігіне кеңінен тоқталды.

«10 тамыздағы деректер бойынша еліміздің 7 өңірлерде 731,8 мың гектар алқаптан дәнді дақылдар жиналып, 1590,4 мың тонна астық бастырылды, түсімділік 21,7 ц/гектар болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңінен 4,5 ц/гектарға артық», – деп атап өтті ол.

Вице-министрдің айтуынша, бұл ретте Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан жұртшылығының еңбегін айрықша атаған жөн.

Айта кетейік, аталған жиын «Егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы» тақырыбымен өтті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus