Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Жер комиссиясының мүшелері жұма күні Көкшетауға барады

Жер комиссиясының мүшелері жұма күні Көкшетауға барады

27995dd4e88ac36b828b06827538de0e_L
Жер реформасы бойынша құрылған арнайы комиссия мүшелері жұма күні Көкшетауға барады.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Басты мақсат – жерді игеріп жүрген шаруалардың жаңа реформа туралы ой-пікірін білу. Дегенмен кез келген азамат Jerturaly.kz порталы немесе Сall-орталығы арқылы өзін толғандырған сұрақтарды қоя алады. Қазірдің өзінде 14-34 нөміріне 5 мыңға жуық қоңырау шалынса, интернет сайтқа 700-ден астам сауал мен ұсыныс келген.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
– Қазір нақты біржақты шешім қабылдау ерте. Қазір ұсыныстар мен пікірлер жинақталып жатыр. Біз бұл кездесуге барлық мәселелерді жан-жақты талқылаймыз. Жиынға келушілерге ешқандай шектеу жоқ. Қалаған адам келіп, өзін толғандырған сұраққа жауап ала алады.


Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/122687-ni-k-kshetau-a-barady

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus