Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Соңғы екі жылда киіктерге қатысты 139 заңсыз әрекет тіркелген

Соңғы екі жылда киіктерге қатысты 139 заңсыз әрекет тіркелген

Жуырда ғана Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында екі көлік ұсталып, машинаны тексеру кезінде киіктің жаңа кесілген жүз мүйізі табылды.

Бұл туралы бүгін Алматыдағы «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінде ақбөкендерді қорғауға арналған жиында айтылды. Елімізде киіктер көбіне Үстірт, Орал өңірі мен Бетпақдаланы мекендейді.

Мамандардың айтуынша, 20-шы ғасырдың 50-ші жылдары елімізде 1,5 миллоннан астам ақбөкен болса, 2003 жылға қарай олардан небәрі 21 мың бас қалған. Кейін саны сәл артты. 2015 жылдың көктеміндегі санақ бойынша, 300 мыңға жуық киік тіркелгелді. Алайда биыл жұқпалы індеттен олардың тең жарымы қырылып қалған. «Енді өлген киіктің орнын толтыру үшін кемінде 10 жыл керек», – дейді мамандар. Қазіргі таңда дала сұлуы мекендейтін 123 млн гектар жерді «Охотзоопромның» 220 инспекторы күзетеді. Соңғы кездері инспекторларға оқ ату да жиіліп кеткен. Мекеме басшысының пікірінше, құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайтпай браконьерлерге төтеп беру қиын.

Ерзат Әлзақов, «Охотзоопром» ӨБ Бас директоры

-Бес жыл бас бостандығынан айыру деген жазалар бар. Егер де соны сотта нақты қылып, 3 жыл, 4 жыл, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, сол браконьерлер де аяғын тартатын еді деп ойлаймын. Көп фактілер бойынша бізде айыппұл салады.

Источник: http://khabar.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus