Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Браконьерлікке қарсы күрес – басты назарда

Браконьерлікке қарсы күрес – басты назарда

2014 жылы заңсыз киік аулаудың, сондай-ақ, олардың мүйізін сату және сатып алудың 79 фактісі, 2015 жылы – 107 факті және 2016 жылдың 7 айы көлемінде 35 факті тіркелген.

Киіктерді сақтау жолында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті нақты іс-әрекеттермен қатар халықаралық ынтымақтастық жолында жұмыс жасауда. Мысалы, Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен, Түркіменстанмен киіктерді сақтау жөніндегі келісімге қол қойылған. Киіктерді сақтау жөніндегі халықаралық келісім көршілес республикалардың территорияларын қамтитын киіктердің таралым аймағына негізделіп жасалған.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның биоəртүрлілікті сақтау ассоциациясы және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп, Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясының киіктеріне жасалған әуе санақтың нәтижесі бойынша, 2016 жылы киіктердің жалпы саны 108300 дарақты, атап айтқанда, Бетпақдала таралымдарының саны 36200 дарақты, Орал таралымы 70200 дарақты және Үстірт таралымы 1900 дарақты құрайтыны анықталды.

Бүгінде браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін «Охотзоопром» ӨБ» базасында заманауи көлікпен қамтамасыз етілген, тәжірибелі инспекторлардан құрылған 4 арнайы мобильдік топ жұмыс істейді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus