Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Браконьерлер іздестірілуде

Браконьерлер іздестірілуде

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына 2016 жылдың 26 қазанда Бурабай ауданы Қарабаур ауылынан оңтүстікке қарай дала жолының маңында елік және маралдың сүйектері табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Осы факті бойынша оқиға орынына Ақмола ОАИ және Бурабай АІІБ қызметкерлері шықты және «Бурабай» МҰТП инспекторларының қатысуымен аталған аумақ мұқият тексерілді. Тексеру барында «Аскан маралы» және 2 елік сүйектері табылды. Айта кетерлік жәйт,терілерінде оқтан қалған тесіктер бар.

Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылып, күдіктілер іздестірілуде.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебі бойынша жануарлар дүниесіне келген шығын 13 998 600 тг. құрады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus