Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бос лауазымды орындарға орналастыруға конкурс өткізуге ақпараттық хабарлама

Бос лауазымды орындарға орналастыруға конкурс өткізуге ақпараттық хабарлама

«Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ (одан әрі – «ҰАҒББО» КеАҚ) Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы жылдарда алғаш рет еншілес ұйымдардың басшысының бос лауазымды орындарына орналастыруға ашық конкурс жариялады.
Бүгінгі күнге республиканың аграрлық саласында 23 ғылыми-зерттеу институттарының, 6 ауыл шаруашылық тәжірибе станцияларының, 3 тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарының және 3 қызмет көрсету компанияларының басшыларының бос лауазымды орындары бар.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы, біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімі болуы;
2) ғылыми дәрежесінің болуы (ғылым докторы/кандидаты, PhD) ғылыми ұйымдар үшін міндетті, тәжірибелік шаруашылықтар мен сервистік серіктестіктердің басшылары үшін артықшылығы бар.
3) ғылыми салада немесе ұйымның профиліне сәйкес мемлекеттік қызметте немесе ұйымның профиліне сәйкес бизнестің саласында 5 жылдан кем емес басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі болуы.

Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған немесе оларға қатысты қылмыстық сот ісі жүргізілуде болса;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса;
3) зейнет жасына жеткендер.

Үміткерді бағалау кезінде, өтініш беруші, Үміткерлерді іріктеуші конкурстық комиссияға, ұйымды дамытудың үш жылдық бағдарламасын ұсынуға міндетті.

Конкурс өткізетін орын: Астана қ., Иманов к. 13, 7 қабат, 711 каб., «Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн: 2017 жылдың 8 желтоқсаны. Ұсыну мерзімі – осы хабарлама жарияланған күнінен бастап он бес күнтізбелік күндер аралығында.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру>

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика