Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бордақылау алаңдарының қайтарылымы 3 жыл

Бордақылау алаңдарының қайтарылымы 3 жыл


Бордақылау алаңдарының тиімділігі мен қайтарылымы қандай? ҚР АШМ баспасөз қызметі осы сұрақтың айналасында деректер келтіреді.

Мысалы, 10 басқа арналған бір бордақылау алаңына жылына 2 айналым жүргізген кезде, яғни бордақылаудың әр кезеңі 6 айдан болғанда, шығындар 2,8 млн.теңгені құрайды (өгізшелерді сатып алуға – 2,2 млн.тг., азық сатып алуға – 0,6 млн. тг). Осындай шаруашылықтың жылдық жалпы табысы 788 мың теңге, ал кредитті өтеу және салық төлемдеріне кеткен шығындарды есептегенде, бірінші жылы 239,0 мың теңге көлемінде пайда табады. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі – 3 жыл.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика