Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бонн Конференциясына дайындық

Бонн Конференциясына дайындық

Қазан айында Филиппин мемлекетінде «Олардың болашағы – біздің болашағымыз. Жабайы табиғат пен адамдар үшін орнықты даму» тақырыбы бойынша Бонн Конвенциясы тараптарының 12-ші Конференциясы өтеді деп жоспарлануда.

Осыған орай, конференцияға нәтижелі дайындықты қамтасыз ету және Азия өңірінен қатысушылардың бірінші кезекте қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ортақ ұстаным әзірлеу мақсатында Германияның Бонн қаласында 15-17 тамыз аралығында семинар жүріп жатыр.

Семинарға ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айнабеков Марлен Сансызбайұлы қатысуда.

Айта кетейік, Бонн Конвенциясының негізгі мақсаты қоныс аударатын жануарлар түрлерінің мекендейтін жолында орындарын қорғау болып табылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика