Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Бекіре-2016» акциясы аясында заң бұзушылардан 5 тоннадан астам балық тәркіленді

«Бекіре-2016» акциясы аясында заң бұзушылардан 5 тоннадан астам балық тәркіленді

Баспасөз хабарламасы
13.04.16 ж                                                                                      Астана қ

«Бекіре-2016» акциясы аясында заң бұзушылардан
5 тоннадан астам балық тәркіленді

«Бекіре-2016» акциясы басталғаннан балық қорғау заңнамасының 120 бұзушылықтары анықталды. Заң бұзушылардан 5 тонна 187 келі балық, оның 283 келісі бекіре тұқымдас, 228 аулау құралы мен 6 жүзгіш және техникалық құралдар тәркіленген.

Су айдындарын сүзіп шығу нәтижесінде, 100-ден астам иесіз торлар табылған. Балық аулау ережелерін бұзғандарға 933 252 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке 90 заң бұзушы тартылған. 13 қылмыстық іс қозғалды.

Балықтардың жергілікті орындарда кедергісіз уылдырық шашуын қамтамасыз ету мақсатында  мемлекеттік инспекторлар заңсыз салынған аулау құралдарын тәркілеу үшін күн сайын су айдындарын сүзу жұмыстарын, сондай-ақ, балық шаруашылығы тоғандарында жүзу құралдарына бақылауды күшейткен.

Анықтама:  «Бекіре» балық қорғау акциясы Атырау қаласы, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстарында 2016 жылдың 1 сәуірінен басталған болатын.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
minagripress@gmail.com
Контакты: +7(7172)555765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus