Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қостанай облысында бәссаудада асыл тұқымды мал 12 млн теңгеге сатылды

Қостанай облысында бәссаудада асыл тұқымды мал 12 млн теңгеге сатылды


Қостанай облысында бәссаудада бір сағат ішінде асыл тұқымды мал 12 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы «Приречное-Агро» ЖШС директоры Мұрат Айтқожинов айтты.
«Жітіқара ауданындағы бәссауда бір жыл дайындалды. Мұнда сатылатын малдың барлығы осы уақыт бойы ғалымдар мен мал дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Олар күн сайын малдарды тексеріп, салмақтарын өлшеді, тіпті бейне камералардың көмегімен онлайн режимде малға қандай азық берілетінін көріп отырды. Нәтижесінде біз бәссаудаға 56 бас қазақтың ақбас сиырын щығардық», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бәссауда қатысушылары арасында тек жергілікті мал өсірушілер ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінен арнайы келгендер де болды.

«Соңғы кездері елімізде асыл тұқымды мал санын арттыру кеңінен дамып келеді. Қазақстанда осындай бәссауда енді ғана танылмалдылыққа ие болуда, Қостанай облысында осымен үшінші рет өтіп отыр. Осы жолы біз барлығын тиісті стандарттар бойынша жасауға тырыстық: аукционшыны шақырдық, малдарға арналған торлы орын тұрғыздық. Нәтижесінде бәссауданың бір сағаты ішінде шамамен 30 бас мал сатылды. Алдын ала есептеулер бойынша жиналған ақша 12 млн теңгені құрады. Мал бағасы 450 мың теңгеден 850 мыңға дейін болды», – дейді М.Айтқожинов.

Сауда-саттық «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрылымындағы компанияның қолдауымен өтті.

http://bnews.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus