Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Биылғы астық өнімі деңгейінің болжамы сол қалпында

Биылғы астық өнімі деңгейінің болжамы сол қалпында

Бұған дейін, Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қ. Айтуғанов астық өнімдері деңгейінің болжамы туралы ақпарат берген болатын. Қ. Айтуғанов биылғы жылы жиналатын астықтың мөлшері деңгейінің болжамы былтырғы жылға қарағанда төмен емес (2015 жылы -18,7 млн. тонна, 2014 жылы -17,2 млн. тонна).

Бүгінгі күнге жиналған астықтың өнімділігі 19,1 ц/га құраса, салыстырмалы түрде былтырғы жылы осы уақытта жиналған астық өнімділігі 15,1 ц/га құраған.

Соған қарамастан, астық егетін облыстар әлі де болса жаппай жинауға кіріскен жоқ.

Анықтама: Ү.ж. 25 тамыздағы жағдайына сәйкес республика бойынша 2 321,4 мың тонна астық бастырылған, ал былтырғы жылдың 25 тамызындағы мәліметтер бойынша 1 675,5 мың тонна астық бастырылған екен.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus