Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Биылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы Беларусь, Қырғызстан сынды елдердің аумағына тең

Биылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы Беларусь, Қырғызстан сынды елдердің аумағына тең

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары жағдайын баяндады.

«2016 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 21,7 млн. гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 15,2 млн. гектарды, бидай – 12,2 млн. гектарды құрайды. Майлы дақылдар 1,9 млн. гектар, жемшөптік дақылдар – 4,0 млн. гектар, мақта – 109,3 мың гектар, қант қызылшасы – 12,1 мың гектар, картоп пен көкөніс бақша дақылдары – тиісінше 183,7 және 230,0 мың гектар алқапта орналастырылды», – деді ол.

«Бұл ретте, 2015 жылмен салыстырғанда бидайдың алаңы 441,4 мың гектарға, дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 26,3 мың гектарға, мақта алаңы 10,1 мың гектарға, қант қызылшасы 2,7 мың гектарға ұлғайды», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Сондай-ақ, министрлік өкілі жемшөптік дақылдар алаңының өткен жылмен салыстырғанда 254,4 мың гектарға артқанын атады.

Айта кетейік, аталған жиын «Егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы» тақырыбымен өтті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus