Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Биыл тұңғыш рет ауыл шаруашылығы техникасы үшін инвестициялық субсидия төлеу көзделіп отыр

Биыл тұңғыш рет ауыл шаруашылығы техникасы үшін инвестициялық субсидия төлеу көзделіп отыр

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға ынталандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында атқарылған жұмыстардың бір парасын айтты.

«Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін арзандату бағдарламасын іске асыруда», – деді ол.

«Аталған бағдарламаны іске асыруға 6,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте, жылына 19%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен ауыл шаруашылығы техникасының лизингін субсидиялау көзделеді. Оның 7%-ы республикалық бюджет есебінен өтеледі», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдан бастап бірінші рет ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия төлеу көзделіп отыр. Субсидиялар нормативі техника құнының 25%-ын құрайды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus