Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Биыл рекордтық астық жиналады

Биыл рекордтық астық жиналады

Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов мәлімдеді.

«Республикада дәнді дақылдардың өнімін жинау аяқталды. Астықтың жалпы жиыны алғашқы салмақта 23,1 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары және Тәуелсіздігіміздің тарихындағы астық рекордты өнімдердің біреуі болып табылады. Орташа түсімділік гектарына 15,2 ц/га құрады», – Қ. Айтуғанов атап өтті.

Негізгі астық өндіретін өңірлерді 16,8 млн тонна астық орылды.

Сонымен қатар Қарағанды облысында 1,0 млн. тоннадан астам дәнді дақылдар бастырылды, бұл облыстың егін шаруашылығы тарихындағы рекордты өнім болып табылады.

«Дәнді дақылдарды жинау науқаны оңтайлы мерзімде аяқталуы барлық ұйымдастырушылық мәселелерді уақытылы шешудің нәтижесі болып табылады. Биылғы жылдағы дәнді дақылдарды жинау қарқыны күніне 375 мың га, 2015 жылдың деңгейінен 1,3 есе жоғары, ал 2014 жылмен салыстырғанда 2,6 есе жоғары болды», – деп атап кетті Бірінші вице-министр.

Үкімет отырысы барысында, мақта, қант қызылшасын және күрішті жинау жұмыстары туралы айтылды. Айта кетсек, күріштің жалпы жиыны ағымдағы жылы гектарына 51 ц/га түсімділікте 432 мың тоннаны құрады. Күріштің негізгі бөлігі өсірілетін Қызылорда облысында егін жинау аяқталуда.

Осыған қоса гектарына 327 ц/га түсімділікпен 422 мың тонна қант қызылшасын жинау күтілуде.

Айта кетейік, өңірлерден астықты кептіруге дизель отынының қосымша көлемін бөлуге өтінімдер келіп түсті.
Үкімет бұл мәселені дер уақытында шешті. Қажетті кестеге қол қойылды және қазіргі таңда жүктеу жүргізіліп жатыр.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus