Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Биыл ҚР Үкіметінің қолдауымен 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды

Биыл ҚР Үкіметінің қолдауымен 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы есебі тыңдалды.

Қайрат Айтуғанов биыл Бағдарламаны іске асыруға төмендегі қаражаттардың қарастырылғанын айтты:

27,1 млрд теңге – шағын несиелендіруге бюджеттік несие;
2,8 млрд теңге – шағын несиелерді кепілдендіру;
418 млн теңге – ХҚҰ операциялық шығындарын субсидиялау.

Бұдан өзге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капиталы ауыл шаруашылығы кооперацияларын шағын несиелендіру үшін 25,4 млрд теңгеге толықтырылды.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдайы бойынша Бағдарлама бойынша қарастырылған 27,1 млрд теңгенің 13,7 млрд теңгесі (51%) игерілді. 2 909 шағын несие берілді, соның ішінде 1 344 шағын несие кооперативтерге сүт дайындауға және отбасылық СТФ ашуға 5,5 млрд теңге сомасында; 766 шағын несие кооперативтерге мал бордақылау алаңдарын құруға 2,0 млрд теңге сомасында; 799 шағын несие өзге бағыттар бойынша 6,2 млрд теңге сомасында берілді.

Осы шаралардың арқасында «Өнімді жұмыс» бағдарламасы аясында 2 661 жұмыс орны ашылды, 1 290 жаңа ЖК тіркелді, 1 380 стартап жоба қаржыландырылды.

Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды, солардың ішінде 173 кооператив сүт дайындау, 281 кооператив ет өндіріп, дайындау бойынша, 41-і жеміс-көкөніс өсіру, 22-сі жүн, шұбат өндіру, құс етін, бал өндіру, бақ шаруашылығы мен тауарлы балық шаруашылығы бойынша құрылды, сонымен қатар 30 573 ірі қара малға арналған 1 835 отбасылық бордақылау алаңы ашылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus