Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Бірінші Вице-Министр А.Қ. Евниевтің “Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына” қатысты доклады

Бірінші Вице-Министр А.Қ. Евниевтің “Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына” қатысты доклады

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

2018 жылдың басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,7% – ға өсті. Жылдың басынан бағаның ең үлкен өсімі Астана қаласында – 102,2 %, Алматы қаласында – 101,6 %, Ақтөбе қаласында – 101,3%, Тараз қаласында – 101,1%, Орал қаласында – 101%, Атырау және Павлодар қалаларында – 100,9 % байқалады.
Бағаның негізгі өсуі мына ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі: қырыққабат – жыл басынан өсімі 12,7% (+9,47 тг/85,07 теңге), пияз – 7,4% (+6,75 тг/98,26 тг), картоп-5,5% (+6,3 тг / 121,59 тг), сәбіз – 4,5% (+4,97 тг/118,17 тг), сүт өнімдері: сүт 1,3% (+2,36/200,18 теңге), сары май – 1,1% (+20,5 тг/1906,0 тг), айран – 1,9% (+4,27тг/232,53 теңге), сиыр еті – 1,2% (+17,24 теңге/1485,83тг). Азық-түліктің қалған түрлері бойынша бағаның өсімі шамалы немесе байқалмайды. Сондай-ақ, қарақұмық (-14,8%), күріш (-2,7% – ға), жұмыртқа (1,3% – ға), қант (-0,8 %), ұн мен тұз (-0,2 %) сияқты тауарларға бағаның төмендеуі байқалды.
Жалпы алғанда, көрсетілген баға өсуінің маусымдық сипаты бар және ол сақтау кезіндегі шығындар мен ысыраптарға, көкөніс өнімдерінің қоймалардағы қорларының төмендеуінен ұсыныстың азайуына, сондай-ақ, өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін тауарлар мен қызметтер, мысалы, дизель отыны, бензин, электр энергиясы, газ және сумен жабдықтау, және т. б. құнының өсуіне байланысты.
Анықтама: 2017 жылы дизель отынының бағасы 31,8%, бензин – 17,6%, қатты отын – 14,9%, газбен жабдықтау – 11,4%, жылытуға – 9,9%, қоқыс жинауға және кәрізге – 9,1%, электр қуаты – 5%, ыстық су – 10,9%, суық су – 5,1% өсті.
Өңірлерде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша, 2018 жылдың басынан бастап тұрақтандыру қорына 2 178 тонна азық-түліктік тауарлар сатып алынды. Сатып алудың негізгі көлемін жүзеге асырғандар Жамбыл облысы (2000 тонна қант), Павлодар (68 тонна қант) және Батыс Қазақстан облыстары (60 тонна күріш).
Көрсетілген уақытта 5 538,2 тонна азық-түлік тауарлары сатылды, оның ішінде 2 541 тонна картоп (45,9%), 762 тонна сәбіз (13,8%), 618,6 тонна пияз (11,2%), 577,3 тонна қырыққабат (10,4%), 218,8 тонна 1 сұрыпты ұн (3,9%). Сатудың ең үлкен үлесі Шығыс Қазақстан облысына – 2 472,9 тонна немесе 44,6%, Оңтүстік Қазақстан облысына – 796,4 тонна немесе 14,4%, Қызылорда облысына – 652,1 тонна немесе 11,8% тиесілі. Басқа қалаларда тауарлық интервенциялар көлемі шамалы.
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес 2018 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік тауарларының нақты көлемі 8 136,7 тоннаны құрады, ал 14 257,8 тонна азық-түлік тауарлары жаңартуға және жауапты сақтауға берілді.
Тауар қорларының құрылымында қант 35,4%, картоп – 24,4%, пияз -9,6%, сәбіз – 5,8%, ұн – 5,6%, қырыққабат – 5,4%, өсімдік майы – 5,2%, қарақұмық жармасы – 3,5% құрайды.
Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға арналған қаражаттың 4 423 млн.теңгесі Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың шоттарында және екінші деңгейдегі банктардың депозиттерінде жатыр. Оның ішінде, 1 716 млн.теңгесі (немесе 38,8%) Астана қаласына, 895,6 млн.теңгесі (немесе 20,2%) – Оңтүстік Қазақстан облысына, 508,5 млн.теңгесі ( немесе 11,5%), Алматы қаласына, 221,2 млн.теңгесі (немесе 5,0%) – Атырау облысына, 216,6 млн.теңгесі (немесе 4,9%) – Қызылорда облысына және 179,9 млн.теңгесі (немесе 4%) – Батыс-Қазақстан облысына тиесілі.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Жалпы, біз көріп отырғандай, өңірлерде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану бойынша жұмыс жүргізілуде. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктерден тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану ережесіне әртүрлі өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар келіп түсуде. Олар, мысалыға, өнімнің сақтау кезінде табиғи кему нормаларын немесе жеткізушілермен баспа-бас айырбас мүмкіндігін белгілеуді және тағы басқаларды көздейді.
Осыған байланысты, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын, сондай-ақ, осы мақсатқа арналған қаражаттың бір бөлігі жергілікті бюджеттерден бөлетіндігін ескеріп, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану ережесін бекіту функцияларын әкімдіктерге беру мәселесін пысықтауды орынды деп санаймыз. Ол әкімдіктерге әр қайсы өңірдің ерекшелігін ескере отырып өздеріне ыңғайлы ереже әзірлеп, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі отырыс хаттамасында тиісті тапсырма беруіңізді сұраймыз.

Назар аударғанызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved