Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бірінші тоқсан бойынша ірі қара мал басы 280 мыңға артты

Бірінші тоқсан бойынша ірі қара мал басы 280 мыңға артты

Бұл туралы Үкімет үйінде Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов мәлімдеді. 2017 жылдың ауыл шаруашылығы саласының бірінші тоқсаны бойынша қорытындыларын атап өтті.

Қ. Айтуғановтың айтуынша, а.ж. бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы саласы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Яғни, жалпы өнім көлемі 2,9% ұлғайды, жоспар бойынша 2,5% (353,7 млрд. теңге).

А.ж. 1 сәуіріндегі жағдай бойынша статистикалық көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда мал басының және құс санының артқанын көрсетіп отыр, соның ішінде: ІҚМ – 4% артып, 7264,9 мың, жылқы – 8,9% артып, 2307,8 мың, құс басы – 7,4% артып, 38,3 млн. бас, қой – 1,0% артып, 18,7 млн. бас, түйе – 5,1% артып, 195,0 мың бас, шошқа – 4,8% артып, 893,9 мың басқа дейін өсті.

Өз кезегінде бұл мал шаруашылығы өнімдерінің былтырғы жылмен салыстырғанда 3% артуына әкеліп, ақшалай негізде 339,1 млрд. теңгені құрауына себебін тигізді. Ет өндірісі 3,8% артып, 211,1 мың тонна, сиыр сүті – 3,6% артып, 863,5 мың тоннаға өсті. Ауыл шаруашылығындағы инвестиция көлемі 22% ұлғайды.

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын өндіру былтырғы жылдың деңгейінде сақталып қалды (14,4 млрд.теңге). Тамақ өндірісі бойынша көрсетілген кезеңде 3,2% арттыру жоспарланғанымен, бұл көрсеткіш 3,4% өсті.

Осы көрсеткіштер тек ауыл тұрғындарының табанды еңбектерінің арқасында ғана емес, сонымен бірге қабылданған АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасында нақты көрсетілген индикарторлардың да жетістігі екендігіне сенімдіміз – деп атап өтті Қ. Айтуғанов.

2017 жылға 467 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған болса, бірінші тоқсан нәтижесі бойынша 182 (39%) кооператив құрылды, оның ішінде сүт қабылдау пунктімен 62 кооператив, етті бағытта 58 кооператив құрылды.

Сонымен қатар 9290 ІҚМ басымен бордақылау алаңдары және 51 отбасылық жылыжайлар құрылды (1 тоқсан бойынша).

Бірінші рет көктемгі-егістік дала жұмыстарын жүргізу үшін берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендетілді. Түпкілікті тұтынушыға мөлшерлеме 6 пайыздан аспайды. Былтырғы жылы қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме 9% құраған.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінгенін айта кету керек. Осы қаражаттың ішінен 3 млн.га егіс алқабын қамтитын 1500 АӨК субъектілерін қаржыландыру жоспарланған.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,8 млн.га алқапқа орналастыру жоспарлануда, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 344 мың га артық. Көктемгі егіс алқабы 18,5 млн.га құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның солтүстік облыстары көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге кірісті.

Анықтама: 2017 жылдың 4 мамырындағы жағдай бойынша ылғалдандыру көрсеткіші – 49%, егу алдындағы өңдеу – 21,4%, көктемгі жырту – 69% жүргізілді. Жаздық, дәнді, масақтыдақылдар – 2,6%, күріш – 23,2%, майлы дақылдар – 9,2%, көпжылдық шөптер – 38,4%, картоп – 18,1%, көкеністер – 45,5%, бақша дақылдары – 50,6%, қант қызылшасы – 48,1%, мақта – 95,8% алқапқа егілді.

Айта кетейік, жақында А. Мырзахметов бастаған қазақстандық делегацияның Қытай және Израильге сапарлары барысында көптеген екі жақты келісімдерге қол қойылып, шетелдің әлеуеті жоғары инвесторлары біріккен жоба жасауға қызығушылықтарын танытты.

Мысалы, Қытай компаниясы Қазақстан жерінде сабан өңдеу бойынша құны 300 млн.доллар болатын кәсіпорын салуды ұсынды. Бұл кәсіпорын 500 жаңа жұмыс орнын құруға көмектеседі. Қытай жағы барлық қаржыландыру көлемін өз мойнына алады.

Ал Израильмен ауыл шаруашылығы саласында 2017-2018 жылдарға арналған «Жол картасына» қол қойылды. Қазақстан аумағында коммерциялық негіздегі демонстрациялық фермалар құру бойынша Декларацияға қол қойылып, қазақстандық өнімдерді Израильге экспорттау мүмкіндігі талқыланды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus