Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Белорустықтарды павлодарлық фермерлер күлгін түсті картоппен таңқалдырды

Белорустықтарды павлодарлық фермерлер күлгін түсті картоппен таңқалдырды

Павлодар облысына Белоруссиядан арнайы іс-сапармен келген делегацияға «Пахарь» шаруа қожалығы картоптың жаңа сортын көрсетті.

Белорус республикасы, Гомельский облыстық атқару комитетінің төрағасы Владимир Дворниктің басқаруымен келген делегация бүгінгі «Ertys Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумына қатысады. Облыс әкімі Болат Бақауовтың айтуынша, қонақтарды Павлодар өңірінің өнеркәсіптік кәсіпорындарын көрсету қарастырылған. Сондай-ақ, олар өңірдің ауыл шаруашылығымен танысуға өздері ниет білдірген.

Шетелдік делегацияны «Пахарь» шаруа қожалығы өздерінің сүт тауарлы фирмасының және мал бордақылу алаңының жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, көкөніс сақтау қоймасындағы картоптың жаңа сортын да көрсетті. Мұнда картоптың күлгін түсті жаңа түрі өсіріледі. Қонақтар қызметкерлер үшін салынған агроқалашықта болды. Ресми делегация мүшелері алып шаруашылықтың жұмысымен танысып, алдағы уақытта да тығыз байланыста болуға ниетті екендіктерін білдірді.

Дерек көзі: http://pavlodarnews.kz/index.php?id=28430

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus