Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «БЕКІРЕ-2017» акциясы жалғасуда

«БЕКІРЕ-2017» акциясы жалғасуда

Жайық-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас және басқа да балықтар түрлерін сақтау шараларын күшейтуге бағытталған «БЕКІРЕ-2017» кең ауқымды балық қорғау акциясы жалғасуда.
2017 жылғы 25 сәуірде және 10 мамырда сәйкесінше Атырау облысында Жайық өзені мен Каспий теңізі акваториясының солтүстік бөлігінде кәсіпшілік балық аулау аяқталды, 25 мамырға дейін Құрманғазы ауданында Қиғаш өзені бойынша балық аулау жалғасуда.

2017 жылғы 1-11 мамыр аралығында «Бекіре-2017» акциясы барысында 711 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, оның ішінде өрескел сипатта – 147, кеме жүрісі режимін бұзу үшін – 15, балықты заңсыз тасымалдау үшін -66 бұзушылық.

Акция барысында әкімшілік жауапкершілікке 556 бұзушы тартылды, соның шінде мамандандырылған әкімшілік сотпен – 92 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Акция барысында балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 7,5 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 4,1 млн теңге өндірілді.

Балық қорғау акциясы барысында бұзушылардан 60 тонна 342 кг астам балық, оның ішінде 1924,5 кг – бекіре тұқымдас балық, 11 кг – бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы алынды, 2885 бірлік аулау құралы мен 132 жүзу және көлік құралы алынды.

Акцияны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында телевидение мен радио арқылы 53 сөз сөйлеу берілді, республикалық және жергілікті басылымдарда, сондай-ақ интернет ресурстарда 112 мақала жарияланды.

Тергеу органдары барлық мемлекеттік органдар анықтаған өрескел сипаттағы заң бұзушылықтар бойынша 98 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде ҚР ҚК 196 бабы бойынша (қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу)-31 іс, ҚР ҚК 335 бабы бойынша (браконьерлік) – 23 іс және ҚР ҚК 339 бабы бойынша (сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды заңсыз аулау) – 44 іс.

Мысалы, 2017 жылғы 8 мамырда Атырау қаласында полиция қызметкерлері «Дина» нарығынан облыс орталығының тұрғынын ұстап, одан салмағы 5 кг бекіре тұқымдас балық алынды.
Сол күні осы нарықта Атырау қаласының тұрғыны салмағы 6 кг бекіре тұқымдас балықпен ұсталды.

2017 жылғы 9 мамырда Атырау-Астрахань трассасы бойындағы «Новобогат» стационарлық бекетінде Атырау қаласы тұрғынының басқаруындағы «Лада» автомашинасы ұсталып, одан салмағы 2 кг бекіре тұқымдас балық алынды.

Маңғыстау облысында өткен аптаде екі ұстау болды. Мысалы, 2017 жылғы 28 сәуірде Форт-Шевченко қаласының Түпқараған ауданында УАЗ машинасы ұсталып, одан салмағы 35 кг құрайтын бекіре тұқымдас балық анықталды.

2017 жылғы 2 мамырда Ақтау қаласының 12 шағын ауданында жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ автокөлігі ұсталып, жалпы салмағы 1 кг құрайтын бекіре тұқымдас балық уылдырығы салынған 2 пластик құты анықталды.

Бүгінгі күні 31 қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталып, қарау үшін сотқа жолданды.

2017 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында екі өндіруші-зауыт үшін 163 дана бекіре тұқымдас балық ауланды, оның ішінде: қорытпаның бір аналығы мен екі аталығы, бекіренің бір аналығы мен 37 аталығы, шоқырдың 32 аналығы мен 82 аталығы, және 8 стерлядь аталығы бар. Молайту мақсаттары үшін ауланған бекіре тұқыпдас балықтың жалпы салмағы 1 тонна 169 кг құрайды.

Браконьерлік фактілеріне қарсы әрекет ету мақсатында Жайық-Каспий бассейнінде Жайық, Қиғаш өзендері және Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойынша жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Балық ресурстарын қорғау жөніндегі іс-шараларды Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары, «Ақжайық» МТР, Көліктік бақылау иснпекциялары, ішкі істер органдары мен ҚР ҰҚК шекара қызметі жүзеге асыруда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus