Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Барлық аңшыларға арналады

Барлық аңшыларға арналады

2016-2017 жж. аңшылық маусым 3 қыркүйектен басталып, келер жылдың 15 ақпанына дейін созылмақ. Соған қарамастан, аңшылық маусымының ақырғы күні қандай аң түрін аулауға байланысты болмақ.

Қазақстан Республикасында аң аулау Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген еліміздің аймақтарында арнайы аң аулау ережелеріне сәйкес рұқсат етіледі.

Қазақстан аумағында аңшылық нысандарына сүтқоректілердің 34 және құстардың 59 түрі жатқызылды.

3 қыркүйектен бастап бұғыға, аюға, сібірлік тау ешкісіне, сібірлік елікке, доңызға, шілге, жабайы құстар (қаз, үйрек) және қарабауырға аңшылық етуге рұқсат беріледі.

Елімізде аңшылық жүргізу тек аңшылық шаруашылықтар аумақтарында ғана рұқсат етіледі.

Бүгінгі күні шамамен 690 аңшылық шаруашылық тіркелген. Қорықшылар саны 2600 адамды құрайды. Жануарлар дүниесін қорғауға 2200 автокөлік жұмылдырылған.

Әуесқой (спорттық) аң аулау үшін аңшыда жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары және аңшы куәлігі болуы тиіс. Аң аулаған кезде аншылық атыс қаруын алып жүруге және сақтауға міндетті түрде ҚР Ішкі істер органдарының рұқсаты қажет. Сонымен қатар, жыртқыш құстармен аң аулаған кезде белгiленген тәртiппен берiлген тіркеу туралы құжаттар болуы тиіс.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережесін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасаның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалатын болады.

Анықтамалық: 2016 жылдың 18 тамызындағы жағдай бойынша орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің заңдарын бұзғандары үшін 4774 хаттама толтырылып, 4643 адам әкімшілік және 30 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
2015 жылы 86,0 мың аңшы аң аулауға қатысып, аң шарушылығындағы қорықшылдық қызметтермен 547 аң аулау ережесін бұзушылық анықталды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus