Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Балықтар қырылған ауданда тексеріс жүргізілді

Балықтар қырылған ауданда тексеріс жүргізілді

2016 жылғы 4 тамызда Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына балықтардың қырылуы жөнінде ақпарат келіп түсті. Сол күні орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы мен Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және Экология департаменті мен Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымының өкілдері балықтардың қырылуы анықталған ауданға барды.

Тексеру кезінде Хромтау ауданы Қопа ауылының маңындағы Ор өзенінде аз мөлшерде (12 дана) балықтардың қырылу фактісі анықталды. Оның ішінде шортан, табан, сазан және алабұға мен 2 дана шаян бар.
Сондай-ақ, 2016 жылғы 7 тамызда Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылының маңында Елек өзенінде 5 дана өлген балық, оның ішінде алабұға, торта және табан бар.

Су айдындарынан алынған су сынамалары мен өлген балықтар «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК-на жіберілді. Тексеріс қорытындысы апта соңында дайын болады.

Көрсетілген су айдындары Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымына бекітіліп берілгенін ескерген жөн. Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес, пайдаланушы жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауға және олардың санының азаюына жол бермеуге міндетті.

Осыған орай, аталған фактілер бойынша облыстық аумақтық инспекция Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымына балық аулауды тоқтату және бекітіліп берілген су айдындарында балықтардың жағдайын бақылауды күшейту жөнінде жазбаша нұсқама жолданды.

Балықтардың мекен ету ортасының жағдайын мониторингілеу жалғасуда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика