Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша ШҚО-дағы АӨК субъектілерінің жұмысымен танысты

Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша ШҚО-дағы АӨК субъектілерінің жұмысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Өскемен қаласында орналасқан «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-на барды.

Кәсіпорын майлы және дәнді дақылдардың жоғарғы репродукцияларының тұқымын өсірумен, өткізумен айналысады. Сонымен қатар, мұнда ет және сүт өндірісі жолға қойылған.

Б. Сағынтаевқа малды ұстау және азықтандыру жағдайлары, сонымен қатар кәсіпорын әзірлейтін модульдік сүт қабылдау бекетінің техникалық сипаттамалары мен қуаттылықтары туралы әңгімеледі.

Айта кету керек, бұл ферма сиыр сауу залы мен бойымен сүт жүретін автоматтандырылған сауу қондырғысымен жабдықталған, оның технологиялық жарақталған сиыр қоралары мен бұзау қоралары, емдеу-санитарлық бекеттері, мал азықтандыру цехы мен мал азығы қоймалары бар. 2016 жыл ішінде фермада 610 тоннадан астам сүт өндіріліп, өткізілген.

ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген тапсырмаларға сәйкес, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет.

Экономиканың негізгі салаларын, оның ішінде АӨК-ді де технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру аталған үлгінің негізіне айналады. Бұл жерде Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін – өндірісті автоматтандыруды жаппай енгізу негізгі факторға айналуы тиіс. Осы орайда «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС осындай жүйелерді енгізудің бір мысалы бола алады.

Дерек көзі: primeminister.kz

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus