Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар БАҚ өкілдері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округіне пресс-тур ұйымдастырылады

БАҚ өкілдері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округіне пресс-тур ұйымдастырылады

БАҚ үшін хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 шілдедегі «2016 жылғы 1 жартыжылдықта индустрияландырудың қорытындылары туралы» жиналыста айтылған халықты тиімді жұмыспен қамту және лайық табыс деңгейін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі халықты жұмыспен қамтуды және ауылшаруашылық өнім көлемін арттыру бойынша бірнеше шаралар қарастырды.

Бұл мақсатта Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шағын мал бордақылау алаңдарын несиелеу бойынша жаңадан ашылған «Береке» бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.

Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде 600 шағын мал бордақылау алаңдарын несиелеу жоспарланған.

БАҚ назарына:

2016 жылғы 5 тамызда БАҚ өкілдері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округіне пресс-тур ұйымдастырылады. Журналистер шағын отбасылық мал бордақылау алаңдары жұмысымен танысады.

Спикерлер: жобаны жүзеге асырушылар Бегмурат Юнусалиев және Шахноза Тойчиева; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Омаров Ж.Д.; ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері.

Журналистердің жиналуы және объектіге шығу: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы ғимаратынан 5.08.2016 ж. сағат 14-30-да. Мекен-жайы: Шымкент, Тәукехан даңғылы, 6, Шымкент қаласының әкімдігі.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus