Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бұқтырма су қоймасының көлемі 45246 млн.м3 құрайды

Бұқтырма су қоймасының көлемі 45246 млн.м3 құрайды

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде Су ресурстары комитеті өкілдері Бұқтырма су қоймасының ағымдағы жағдайымен таныстырды.

2016 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша Бұқтырма су қоймасының көлемі 45246 млн.м3 құрайды. 2015 жылғы мөлшермен салыстырғанда көлемі 44897 млн.м3 құрап отыр.

Су қоймасының су ресурстарын пайдалану көлемдерін реттеу мәселелері Үстіңгі-Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану ережелерімен реттеледі.

Ертіс су қоймасының каскады бірыңғай жүйеде жұмыс істейді. Суы мол жылдарда Бұқтырма су қоймасынан су бұру азаяды және толтырылады. Ал аз сулы жылдарда Семей, Курчатов, Павлодар қалалары, Қ. Сәтпаев атындағы каналдың және су көлігінің су тоған құрылыстарының қалыпты жұмысы үшін, Бұқтырма су қоймасынан Шүлбі су қоймасына су бұрғанда жеткіліксіз бүйірлі су ағысы ұлғаяды.

Жалпы, ҚХР аумағынан жоғары шығынның келуі жағдайында және ШҚО аумағындағы нөсерлі жауын-шашын болғанда осы көлем су қоймалары каскадының қауіпсіз режимін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бассейннің барлық су тұтынушыларын сумен қамтиды: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, су көлігі, энергетика, Қ.Сәтпаев атындағы канал, Қазақстанның орталығы мен Астана қаласын сумен жабдықтау.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus