Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бәсекелестік ортада су айдындарын балықтандыру

Бәсекелестік ортада су айдындарын балықтандыру

Бұдан бұрын табиғи су айдындарының балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорындары жүзеге асырып келген болса, үстіміздегі жылы республикалық мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорындары: «Майбалық балық питомнигі», «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы», «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» бәсекелестік ортаға берілді.

Осыған байланысты балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде орналастырылып, «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС Ақмола облысының су айдындарын тұқы шабақтарымен балықтандыру бойынша конкурсты ұтып алды.

Бәсекелестік ортада балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі ағымдағы жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС 2017 жылғы 25 мамыр мен 29 мамырда Есіл өзеніне 40 млн.дана тұқы балығының дернәсілдерін жібермек.

Балық шабақтарын жіберу орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы орган мен ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуымен комиссиялық түрде іске асырылатын болады.

Жалпы мемлекеттеттік тапсырыс шеңберінде 2017 жылы табиғи су айдындарына 127,2 млн. дана құнды балық шабақтарын жіберу жоспарланып отыр.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика