Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Б. Сағынтаев Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының бас директорымен кездесу өткізді

Б. Сағынтаев Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының бас директорымен кездесу өткізді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының (ХЭБ) бас директоры Моник Элуамен кездесу өткізді.

1

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ветеринарлық жүйесін дамыту, Астанада аусыл бойынша ХЭБ субөңірлік үйлестіру кеңсесінің қызметтерін кеңейту, сонымен қатар аталған кеңсе жанынан аусыл бойынша вакциналар банкін құру мәселелерін талқалады.

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар өңірлік деңгейде трансшекаралық аурулармен күрестің бірыңғай тәсілдері мен стратегияларын әзірлеу бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы, сондай-ақ, ХЭБ сарапшыларының белсенді атсалысуы арқылы трансшекаралық аурулармен күресте Орталық Азия елдерінің ветеринарлық қызметтерінің ынтымақтастығын нығайту туралы келісімге келді.

Анықтама:

Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымы (ХЭБ) — әлемдегі бұрыннан келе жатқан үкіметаралық ұйымдардың бірі. Бүгінде ол бес өңірге бөлінген 180 мүше мемлекеттен тұрады. Қазақстан ұйыммен ынтымақтастық орнатуының арқасында тоғыз өңір бойынша вакцинасыз аусылдан таза аймақ мәртебесін және бес облыс бойынша вакцинамен аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды. Аусыл бойынша ХЭБ ресми мәртебесін алу мемлекеттің әлеуетті әрі әрекеттегі инвесторлары мен серіктестері үшін тартымдылығын, сонымен қатар елімізде шығарылатын мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне деген сенім деңгейін арттырады.

Дерек көзі: primeminister.kz

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus