Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар БҚО-да «Дала күні» өтті

БҚО-да «Дала күні» өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеттің базасында «Дала күні» өтті, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі. Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері тәжірибе және алдыңғы қатарлы технологиямен алмасу үшін кездесті. 

«Дала күні» дәстүрлі шарасы жыл сайын аграрлық сектор еңбекшілерінің басын қосады. Осы жылы кездесу БҚАТУ-дың оқу учаскесінде өтті.

«БҚАТУ-де 8,5 мың студент оқиды. Олардың ішінде 2,5 мың адам аграрлық бағытта білім алуда. Бізде 3,5 мың га тәжірибелік егістік жер бар. Біздің студенттеріміз ғалымдар және өндірушілермен бірге жұмыс жасайды», – деді БҚАТУ ректоры Қазыбай Бозымов.

Қазір агроөнеркәсіп секторының дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Осы саланың дамуына БҚО-да осы жылы 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Өңірдегі ауыл шаруашылық саласына 1,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Сімдік шаруашылығын дамытуға төлем ретінде 621 млн теңге бөлінді, бұл қаражаттың 455 млн теңгесі көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу кезінде жанармай бағасын арзандатуға жұмсалды», – деп атап өтті БҚО ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Арман Өтеғұлов.

Фермерлік шаруа иелері осы жылы жемшөптік дақылдарға, әсіресе ақ жүгеріге ерекше көңіл бөлді.

«Ақ жүгері жыл сайын тұрақты түрде мол өнім беріп келеді. Оның құрамында ақуыз, протеин, дәрумендер көп. Шығыны аз, өнімі мол егін», – дейді ғалым Алдаберген Нұғманов.

Осы жылы БҚО фермерлері астық мол түседі деп үміттенуде. Астық егінің қазіргі жағдайы қанағаттанарлықтай.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus