Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бұланды заңсыз аулағандар ұсталды

Бұланды заңсыз аулағандар ұсталды

2016 жылы 23 қазанда күндізгі сағат 12-де Ақмола облысы Аршалы ауданының Болярка ауылынан солтүстікке қарай он шақырым жерде «Сапсан» аң аулау шаруашылығының қорықшы қызметкерлері Toyota Land Cruzer маркалы автокөлігі және ұрғашы бұланның етін мүшелеп отырған үш адамды тапты. Браконьердің жанында Browning маркалы қару болған, сонымен қатар, бұғының ұрғашысында болжамды екі эмбрион болған.

Бұл факті Ақмола облысының Аршалы ауданының АІІБ-мен ҚР ҚК 337 бап 1 бөлімі бойынша (заңсыз аң аулау) тіркелді.

Залал сомасы жануар дүниесіне 636 300 теңге құрды. Тиісті сараптамалар өткізіліп, екі эмбрион дерегі анықталған жағдайда залал сомасы 1 272 600 теңгені құрауы мүмкін.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus