Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ 1 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ АРЗАНДАТЫЛҒАН АСТЫҚТЫ ӨҢІРЛЕРГЕ ТИЕДІ

АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ 1 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ АРЗАНДАТЫЛҒАН АСТЫҚТЫ ӨҢІРЛЕРГЕ ТИЕДІ

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) өңірлерге арзандатылған астықты тиеуді жалғастыруда. Жалпы алғанда, 2012 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың маусымның басына дейінгі кезеңде бір тоннасы 28 000 теңгеден белгіленген бағада 1,1 млн. тоннадан астам арзандатылған астық өңірлерге тиелді.

2013 жылғы 5 маусымдағы мәліметтер бойынша еліміздің өңірлеріне 1 млн. 100 мың тоннадан астам: оның ішінде астықты қайта өңдейтін ұйымдарға – 870 мың тоннадан астам, құс фабрикаларына – 205 мың тонна, шошқа өсіретін шаруашылықтарға – 28,4 мың тонна арзандатылған астық тиелді.

Өткен жылы құрғақшылық салдарының алдын алу мақсатында ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2012 жылғы 23 шілдедегі шешімі бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» холдингі» АҚ, Қазақстан астық өңдеушілер одағы, Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдіктерінің арасында 1 сұрыпты ұнға, 1 сұрыпты қалыпты нанға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы, сонымен қатар мал шаруашылығында мал басының азаюын болдырмау шаралары жөніндегі меморандумға қол қойылғанын естеріңізге саламыз.

Сонымен бірге Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен Қазақстан шошқа өсірушілер қауымдастығы, сондай-ақ Азық-түлік келісім шарт корпорациясы, Қазақстан құс өсірушілер одағы және әкімдіктер арасында арзандатылған астық жеткізуге меморандумдар жасалды.

Аталған меморандумдардың шеңберінде 1,6 млн. тоннадан астам, оның ішінде ұн тартатын ұйымдарға – 1,3 млн. тонна, құс фабрикаларына – 264 мың тоннадан астам, шошқа өсіретін шаруашылықтарға – 47 мың тоннаға жуық арзандатылған астық кейінге сақталды. Тиеу кезеңі – 2012 жылдың 1 тамызынан бастап 2013 жылдың 1 тамызына дейін.

Астық жергілікті атқарушы органдармен анықталған ұн тартатын ұйымдарға жіберіледі. Құс фабрикалары мен шошқа өсіретін шаруашылықтарға Қазақстан құс өсірушілер одағы және Қазақстан шошқа өсірушілер қауымдастығымен белгіленген тиісті көлемдерде астық бөлінеді.

Қазақстан құс өсірушілер одағының бастамасы бойынша және ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес құс фабрикаларына бұдан бұрын бекітілген 153 мың тонна астық көлемі 264 мың тоннаға ұлғайтылды. Жалпы алғанда, құс өсіретін шаруашылықтардың астыққа жылдық қажеттілігі 500 мың тоннадан астам көлемді құрайды, олардың жартысынан көбі Азық-түлік келісім шарт корпорациясының арзандатылған астығы есебінен қамтамасыз етіледі.

Анықтама:
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алуды, қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды, жаңартуды, орнын ауыстыруды, сатуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметімен белгіленген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ
+ 7 (7172) 59 12 69
http://www.fcc.kz/ru/article/2046

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus