Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚАЗОШАҒЗИ ҒАЛЫМДАРЫ – «ҒЫЛЫМ КӨШБАСШЫСЫ – 2017» ТӘУЕЛСІЗ МАРАПАТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

ҚАЗОШАҒЗИ ҒАЛЫМДАРЫ – «ҒЫЛЫМ КӨШБАСШЫСЫ – 2017» ТӘУЕЛСІЗ МАРАПАТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ


2017 ж. 8 қарашада Алматы қаласында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да 2014-2016 жылдарға Web of Science Core Collection (Clarivate Analytics) ақпараттық қорының деректері бойынша жарияланымдық белсенділік және дәйексөзділіктің жоғары көрсеткіштері үшін «Ғылым көшбасшысы – 2017» тәуелсіз марапатын тапсыру рәсімі өтті.
Өз еңбектерін импакт факторлі халықаралық журналдарда жариялаған және дәйексөзділіктің ең жоғары индексіне ие болған қазақстандық авторлар жарияланымдық белсенділік және дәйексөзділіктің жоғары көрсеткіштері үшін атап өтілді. Аграрлық және биология ғылымдары саласында «Шетелдік бірлескен авторлардың қатысуынсыз жоғары дәйексөзді қазақстандық жарияланымның авторы» номинациясында «Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ҚазОШАҒЗИ) ғалымдары марапатталды – бас директор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, АШҒА академигі, ҚР ҰҒА құрметті академигі Болат Мәжитұлы Мұқанов; бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Виталий Юрьевич Кириллов; бас ғылыми хатшы, биология ғылымдарының кандидаты Тамара Николаевна Стихарева; ғылыми қызметкер, биология магистрі Мария Вячеславовна Серафимович.


Аталған рәсім 2011 ж. бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қазақстандық ғалымдарды көтермелеу және уәждемелеу мақсатында жүргізіледі. Мәлімет үшін, журналдың «Impact Factor», немесе «Дәйексөзділік индексі» – бұл басылымның «ғылыми салмағын» / танымалдығын мінездемелейтін көрсеткіш. Дәйексөзділік индексі Ғылыми Ақпарат Институтымен жыл сайын есептеледі (ISI), АҚШ, және жарияланған ғылыми материалдардың маңыздылығын бағалаудың мойындалған өлшемдерінің бірі болып табылады. Осылайша, ҚазОШАҒЗИ ғалымдары үшін «Ғылым көшбасшысы – 2017» тәуелсіз марапатын алу үлкен жетістік болып табылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus