Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмнің дамуы туралы

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмнің дамуы туралы

1

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабековтың қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмнің дамуы бойынша брифинг өтті.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында туризмді дамыту мақсатында ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен нақты шараларды орындау үшін арнайы Жол картасы даярланды.

Инвесторлардың ұсыныстарын ескере келе ұлттық парктердің бас жобаларына талдау жасалды. Талдаудың негізінде табиғатты қорғау мекемелерімен туризмнің дамуына арнайы жер учаскелері анықталды.
«Жүзеге асырылып жатқан бас жоспарлар бойынша заңды және жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді пайдалануға туризмнің күрделі құрылыс объектілерін соғу үшін 11166,25 га аумақта 302 жер учаскесі және мерзімді құрылыстарды соғу үшін қысқа мерзімді пайдалануға ауданы 421,98 га болатын 161 жер учаскесі берілді», – деді М.Айнабеков.

1

М. Айнабековтың айтуы бойынша, 2017 ж. 9 айына Комитеттің табиғатты қорғау мекемелеріне 500 мыңға жуық адамдар келген. Былтырғы жылмен салыстырғанда келушілердің саны 36 мыңға адамға артқан.

Қазіргі уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 220 туристтік маршрут пен соқпақтар бар, оның ішінде 146 туристтік маршрут пен 74 экскурсиялық соқпақ қайта жөнделіп, орналастырылып жатыр.

Брифинг барысында М. Айнабеков ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына енген туризм объектілерінің құрылысына рұқсат беру ерекшеліктері мен уәкілетті органмен келісілетін жоба эскизі бойынша өзгертулерді атап өтті.

«Бутаковский бақылау-өткізу пунктіне келушілерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолданған үшін ақы алу мақсатында екі төлем терминалын орнату жоспарлануда, сондай-ақ ұлттық паркке кіретін-шығатын шлагбаумдарды ауыстырылады. Шығатын шлагбаумдардың автоматтты түрде ашылуы үшін арнайы датчикпен және бағдаршаммен жабдықталады. Жаяужолмен өтетін қақпаға арнайы штрих-код оқитын құрал орнатылады», – деп атап өтті М.Айнабеков.

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізілген шаралардың нәтижесі бойынша ұлттық парктерге келген келушілердің саны 7064 адамды құрап, бюджетке 1,7 млн теңге түсті, ал ұлттық парктердің жеке есептеріне түскен сома 4 млн теңгені құрады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus