Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстаннан Өзбекстанға тасымалданатын Ауыл шаруашылығы өнімдеріне акциздік салық төмендеді

Қазақстаннан Өзбекстанға тасымалданатын Ауыл шаруашылығы өнімдеріне акциздік салық төмендеді

2017 жылғы 31 наурыздағы «Өзбекстан Республикасының алдағы уақыттағы сыртқы экономикалық жұмысын реттеу шаралары туралы» қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстан импорттық ауылшаруашылығы өнімдеріне акциздік салықты төмендетті.

Қабылданған шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың наурыз айындағы Өзбекстанға ресми сапарының жемісі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін қазақстандықтар үшін, Өзбекстан нарығына шығуға қолайлы жағдай жасалды.

Макарон өнімдеріне акциздік салық жойылды (бұрын 30 және 50% болатын).

Өзбекстанға тасымалданатын ауылшаруашылық өнімдеріне акциздік салық төмендеді:
– 55% бидай ұнына (11-ден 5%-ға дейін);
– мақсары мен күнбағыс майына 2 есе; (20-дан 10%-ға дейін);
– сірке суы қосылмаған консервіленген көкөністерге 5 есе (50-ден 10%-ға дейін);
– жеміс және көкөніс шырындарына 2,3 есе (70-тен 30%-ға дейін);
– дайын тұздық пен тұздық дайындауға 2,8 есе ( 70-тен 25%-ке дейін, қызанақ кетчубы мен майонезден басқа).

2016 жылы Өзбекстанға Қазақстаннан эксортталған ауыл шаруашылығы өнімдері 426,9 млн.долл. құрады (90 тауарлық тізбек бойынша).

Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан Өзбекстанға 1725,2 мың тонна бидай, 4,7 млн тонна ұн, 96 мың тонна күнбағыс тұқымын, 10,2 мың тонна өсімдік майын және 51 мың тонна картопты экспортқа шығарды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus