Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда киіктердің саны артты

Қазақстанда киіктердің саны артты

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы, киіктердің санағы, өрт қауіпті кезең мен орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Марлен Айнабековтың қатысуымен брифинг өтті.

Балық қорғау акциясы өткен екі айда алынған шаралардың нәтижесінде 1024 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық фактісі анықталды, 826 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 129 қылмыстық қозғалды.

Акция барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 13,4 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынып, олардан мемлекет бюджетіне 8,6 млн. теңге өндірілді.

«Бұзушылардан 64,3 тонна балық, оның ішінде 3,126 тн. бекіре тұқымдас балық, 11 кг бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан 5134 дана аулау құралдары және 118 бірлік жүзу және 42 көлік құралдары алынды», – деп М.Айнабеков атап өтті.

Брифинг барысында 2017 жылғы киіктер санағының қорытындысын жарияланды. Осылайша Қазақстандағы киіктердің үш популяциясының жалпы cаны 152 мыңға жетті. 2016 жылмен салыстырғанда киіктердің жалпы саны 40,9 %-ға өсті.

Өрт шығу қаупі кезеңінің басталуынан бастап мемлекеттік орман қорының аумағында 106 орман өрті тіркеліп, ауданы 1395,5 га. құрады, соның ішінде 171,7 га. орманмен қамтылған.

Өткен жылмен салыстырғанда орман өртінің саны 2 есе өсіп, оның ауданы 10 есеге ұлғайған.

Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында Комитет пен аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандарымен барлық мемлекеттік орман иеленушілердің өрт шығу қаупі кезеңіне дайындықтары бойынша тексеріс өткізілді.

Тексеріс қорытындысы бойынша орман мекемелерінің өрт шығу қаупі кезеңіне әлсіз дайындықтары анықталды, оның негізгі себебі орман мекемелері материалдық-техникалдық базамен нашар қамтылған.

Анықтама: Облыстық әкімдіктердің иелігінде 120 мемлекеттік орман шаруашылық, оларға 22 млн га. аудан бекітілген немесе мемлекеттік орман қорының жалпы ауданының 79%.

«Өртке қарсы техниканың саны жеткіліксіз және ол облыс әкімдіктерінің орман мекемелерінде нормадан шамамен 65 % құрайды», – деп М. Айнабеков атап өтті.

2017 жылғы көктемгі кезеңде 17,3 мың га. ауданда орманды молықтыру және егу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелерінің аумағында – 9,5 мың га., ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Комитеттің басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарының аумағында – 7,7 мың га. Егу әдісімен құрылған орман дақылдарының көлемі 17,2 га. құрады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus