Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарын жинау науқаны аяқталды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарын жинау науқаны аяқталды

Ағымдағы жылы диқандар 23 680,9 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын жинады.

Осылайша, бидай, арпа және басқа да дәнді дақылдар жинау науқаны аяқталды. Яғни, 17,8 млн. тонна бидай, 3,3 млн. арпа, 347 мың тонна сұлы, 63,9 мың тонна ақ тары, 502,6 мың тонна күріш, 736,5 мың тонна дәнді бұршақ дақылы және т.б. дәнді дақылдар жиналды.

Еске сала кетсек, 2015 жылғы көрсеткіштер бойынша 14,6 млн. тонна бидай, 2,9 млн. тонна арпа, 278,6 мың тонна сұлы, 41,6 мың тонна тары, 457,4 мың тонна күріш, 830 мың тонна дәнді бұршақ дақылы және т.б. дәнді дақылдар жиналған.

Сонымен қатар, картоп жинау науқаны аяқталып, 3 460 мың тонна өнім алынды.

Айта кетсек, майлы дақылдарды жинау науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні 1,6 млн тоннадан астам майлы дақыл бастырылды (былтырғы жылғы жағдай бойынша 1,1 млн. тонна).


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus