Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда АӨК-тің экспорттау орталығы құрылады

Қазақстанда АӨК-тің экспорттау орталығы құрылады


Қазақстанда АӨК-нің экспорттау орталығы құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференция барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева хабарлады. Баспасөз конференция 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы экспорттық саясатқа арналған болатын.

«Сыртқы нарықта өнімді ілгерілету кезінде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында, «Азық-түлік корпорация» АҚ базасында АӨК Экспорттық орталығын ашу жоспарлануда», -деп атап өтті Гүлмира Исаева.

Оның айтуынша, Орталықтың міндетіне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сервистік және қаржылық қолдау мен оларға арналған экспорттық арналар енетін болады. Басқаша айтқанда, орталық құрамына сауда міндеті мен зонттық брендтерді ілгерілету енгізумен шетелдегі көрмелер мен жәрмеңкелерде орын ұсыну түріндегі қолдау, өнімдерді мүмкін болатын нарықта өткізу туралы ақпаратты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге беру және іздеумен айналысатын болады.Экспорттық арналар бөлігінде орталық әлеуетті сатып алушыларды іздеу, өнімді жеткізу туралы сатып алушылармен және сауда желілерімен келісімшарт жасаумен айналысады. Бұдан басқа, орталық экспорттық арналар ашу мақсатында тауарлар топтамасын қалыптастыру үшін өнімді сатып алуды жүзеге асыруы мүмкін.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында экспортттау орталығы саудалық қаржыландыру, экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, ілгерілету мен логистикаға арналған экспорттық гранттарды ұсынатын болады. «Орталықтың қолдау көрсетуінің арқасында ірі топтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктері бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінде тікелей және көліктік-логистикалық немесе көтерме-тарату орталықтарында өнімді сату арқылы шетелдік нарыққа шығу мүмкіндігі пайда болады»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі.
Сондай-ақ 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасында органикалық өнімдер брендін ілгерілету мен нысаналы экспорттық саясатты құру қарастырылған.

Бұдан бұрын Елбасы жаңа жаһандық нақты ахуалдағы маңызды басымдық аграрлық сектордың жедел дамуына апаруды және таяудағы 5 жылда АӨК қазақстандық экономиканың қозғаушы күші болуы үшін барлық мүмкіндіктері бар деп атап өткен болатын. АӨК жаңа рөлін іске асыру еліміздің тұрақты дамуын теңдестіреді, еңбек өнімділігін арттырады және халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін көтереді. Осы мақсаттарға қол жеткізу ауқымды кооперация арқылы мүмкін болады.

Г.Исаеваның сөзінше, жылдық сату көлемі 7 триллион АҚШ долларын құрайтын аса ірі тұтынушылық нарығының бірін қалыптастыра отырып азық-түлікке деген жаһандық сұраныс үнемі артады. Қазақстан азық-түлік өніміне үлкен әлеуетті сұранысы бар Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен шекараласады.

Естеріңзге саламыз, бүгін Тараз қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі.

Анықтама: Қазақ ҒЗИ мәліметі бойынша АӨК экономикасы мен ауылдық аумақты дамыту үшін Қазақстанда астық, зәйтүн, бұршақ, азықтық дақылдарды және дәрілік шөптерді өсіретін 302 мың гектар аумағы бар органикалық өнімдерді өндіретін 29 өндіруші қызмет атқарады. Сондай-ақ органикалық өнімдерді қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және т.б. операцияларды үшін сертификатталған 19 компания бар.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Теги:

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus