Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 3 млн. тоннадан астам арпа жиналды

Қазақстанда 3 млн. тоннадан астам арпа жиналды

1470

Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 3263,6 мың тонна арпа жиналды. Бұл алдыңғы жылдың осы кезеңдегі өнімімен салыстырғанда 594 мың тоннаға артық.

Ағымдағы жылы арпа 1 897,2 мың га алқапқа егілді. Қазіргі кезде 99,6 % алқап қамтылды. Биылғы орташа түсімділік 1 га 17,3 центнерді құрап отыр.

Салыстыру үшін: 2015 жылы түсімділік 1 га 13,5 центнерді құрады.

Сонымен қатар, республика бойынша қарақұмық жинау науқаны аяқталды.

Қорытындылай келгенде, шаруалар осы өнім түрінің 100 мың тоннасын бастырды. Түсімділік 1 га 10,1 центнерді құрады.

Айта кетейік, еліміздің 7 облысында шаруалар қарақұмық егумен айналысады. Негізінде республиканың солтүстік өңірлерінде өсіріледі.

Тағы бір айта кетерлік жайт, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Үкімет отырысында келешекте егіс алқаптарының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болатынын ескерткен еді. Алдағы жылдары егіс алқаптарындағы астық көлемі 2 млн. га азайып, майлы және басқа дақылдар егісінің ауқымы артады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus