Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 204 лицензияландырылған астық қабылдау кәсіпорыны бар

Қазақстанда 204 лицензияландырылған астық қабылдау кәсіпорыны бар


Ү.ж. 1 шілдесіне Қазақстан Республикасында 204 лицензияландырылған астық қабылдау кәсіпорыны бар. Оның ішінде 190 желілік түрдегі, ал 14 – тереңдік түрде. Астық қабылдау кәсіпорындарының элеваторлық көлемі 8 726,2 мың тоннаны құраса, қоймалық көлемі – 5 070 мың тонна. Жалпы АҚК қуаты – 13 796,2 мың тонна.

61 АҚК Ақмола облысында орналасқан. Олардың қуаты 3 865,6 мың тоннаны құрайды. Алайда, Қостанай облысында АҚК саны аз болғанынмен (42 кәсіпорын), олардың жалпы көлемі 3 944,1 мың тоннаға жетеді.

Солтүстік-Қазақстан облысындағы АҚК саны 52-ге жетеді (көлемі – 3 532,5 мың тонна). Шығыс-Қазақстанда 496,6 мың тонна астық орналастыра алатын 10 қабылдау кәсіпорны бар.

Қалған 39 қабылдау кәсіпорындары Қазақстанның басқа өңірлерінде орналасқан. Олар барлығы 1 957,4 мың тонна астық қабылдай алады.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 23 шілдесінен бастап астық қолхаттары электронды форматқа көшті.

Астық қабылдау кәсіпорындарының орналасқан жерін minagro.kz атты сайттан біле аласыздар.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus