Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Қытайға отандық астықты жеткізу көлемін 1 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды ұсынды

Қазақстан Қытайға отандық астықты жеткізу көлемін 1 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды ұсынды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев Мемлекеттік азық-түлік басқармасы бастығының орынбасары Цзэн Лиин ханыммен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы астық секторындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Соның ішінде, Қазақстаннан ҚХР-ға импортталатын астықтың квотасын 2019 жылы 500 мың тоннаға дейін және 2020 жылы 1 млн. тоннаға дейін ұлғайту мәселесін талқылады.

Бұған қоса, қазақстандық тарапқа қытайдың ішкі астық нарығының басқа қатысушылары арасында квота бөлу ұсынылды.

Қазіргі уақытта квоталанған астықтың 95% «COFCO» мемлекеттік компаниясы таратады.

Анықтама: State Administration of Grain (SAG) астық секторына жауапты Қытайдың әкімшілік мемлекеттік мекемесі. SAG ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық секторын дамытуға жәрдемдесу, астықты макро-реттеуді жүзеге асыру, орталық астық қорын басқару және халықаралық ынтымақтастық пен алмасуды жүзеге асырумен айналысады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved