Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылдың 9 айында республикалық бюджеттің орындалуы туралы» баяндама

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылдың 9 айында республикалық бюджеттің орындалуы туралы» баяндама

 «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылдың 9 айында республикалық бюджеттің орындалуы туралы» баяндама

Макрокөрсеткіштер
Жалпы ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы экономиканың аграрлық саласында оң даму қарқыны сақталып отырғанын көрсетіп отыр.
Мәселен, 2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылғы осындай кезең деңгейімен салыстырғанда 4,9%-ға артты.
Аталған өсім өсімдік шаруашылығы өнімі құнының – 7%-ға және мал шаруашылығы өнімі құнының – 2,5% өсуімен қамтамасыз етілген.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы өңімдері өндірісінің ұлғаюы республиканың 13 өңірінде, Маңгыстау облысынан басқа, онда 12,3% төмендеуі байқалады. Ең көп өсім Ақмола (13,1%-ға), Қостанай (7,9%-ға) және Батыс Қазақстан (6,8%-ға) облыстарында байқалады.

9 айдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 50,9%-ға артып, 190,6 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың елеулі өсімі аймақтарда Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа жобалардың, ірі қара мал етінің экспортты бойынша жобалардың (бордақылау алаңдары, репродукторлар), ауылдарда кооперацияны енгізу бойынша ынталандыратын шаралардың (ауыл шаруашылығы тауарлырын қабылдайтын пунктер, бордақылау алаңдары) ендірілгенмен байланысты, сондай-ақ инвестициялық субсидиялау көлемін ұлғайту есебінен.

Мал шаруашылығы саласында мал басы орташа есеппен 1,1 %-ға ұлғайғаны байқалып отыр.
Ет өндіру өсімі 3,2%-ды, сүт 3,3%-ды, жұмыртқа 0,3%-ды құрады.
Өсімдік шаруашылығында күзгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында шаралар кешені қабылданды Танаптық жұмыстарға кредит беру мәселелері және егіс науқанын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері уақытылы шешілді.
Ағымдағы жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша 15,4 ц/гектар өнімділік болған кезде 23,6 млн. тонна астық бастырылды, ол өткен жылдың деңгейінен 2,4 ц/гектарға жоғары. 

Азық-түлік өнімдері өндірісі көлемінің есепті кезеңдегі өсімі 3,5 %-ды құрады. 
Өз кезегінде табиғи мәндегі азық-түлік өнімдерінің келесі түрлері бойынша ұлғаюы байқалып отыр: жарма – 44,7%, қант – 61,6%, ұн – 14,7%, өсімдік майы – 13,5%, кілегей – 10,5%, шұжық өнімдері – 9,5%, қышқыл сүт өнімдері – 5,9%.
Бұл ретте, сары май өндірісінің көлемі 4,9%, ірімшік және сүзбенің 25 %, құрғақ сүттің 21%, өңделген және консервіленген көкөністердің 21,3%, пирожныйлар мен кондитерлік өнімдердің 2,9%, макарон өндірісі 0,75 % төмендеуі байқалып отыр.
Төмендеудің негізгі себептері өндірістің маусымдылығы, сондай-ақ ішкі нарықта арзан импорт өнімдерінің болуына байланысты өнімді өткізу проблемалары болып отыр.
Бұл – агроөнеркәсіптік кешеннің 9 айындағы даму қорытындыларына қысқаша тоқталып өткеніміз.
Республикалық бюджеттің орындалуы
2016 жылы Министрлік жалпы соммасы 326,0 млрд. теңгені бөлінді (нақтылауды есепке алғанда).
Жоспар бойынша 9 айға – 172,2 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде игерілгені – 166,3 млрд. теңге немесе 96,6%-ы.
Осылайша, есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы 5,9 млрд. теңгені немесі 3,4%-ды құрады
Бюджеттік қаражаттың негізгі игерілмеу себептері өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін орындамауы, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмей қалған конкурстар, төлем бойынша құжаттардың ұзақ келісілуі және басқа да объективті және субъективті себептер болып табылады.
Экономикалық өсуді ынталандыру және 2016-2017 жылдарға жұмыспен қамтамасыз етуді қамсыздандыру бойынша қосымша шаралар Жоспары шеңберінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде Министрлікке қосымша 97,9 млрд. теңге бөлінді.

Қосымша шығындарды қаржыландыру а.ж. 17 қазаннан бастап ашық.
Бүгінгі күнге Министрлік тарапынан сәйкес құжатты бекіту бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
17-20 қазанға дейінгі аралықта ЖАО аударылатын нысаналы трансферттер республикалық бюджетте 11,97 млрд. теңге қаралған барлық бағыттар бойынша жүргізілді.
Ендігі облыстар әкімдіктерінің тапсырмасы жылдың соңына дейін бөлінген бюджеттік қаражатты игеруді қамтамасыз ету.

Назарларыңызға рахмет.
____________________________________________

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus