Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 7 айдағы әлеуметтік- экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы» вице-министр Б.Т. Бейсенғалиевтің баяндамасы

«Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 7 айдағы әлеуметтік- экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы» вице-министр Б.Т. Бейсенғалиевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

• Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 7 айда 3,5%-ға ұлғайды (жоспар 3,6%).
Аталған өсу мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 4,1%-ға ұлғаюынан қамтамасыз етіліп отыр.
Анықтама ретінде. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 0,1%-ға төмендеді. Төмендеу қарқыны Батыс Қазақстан (НКИ – 81,9%), Қызылорда (96,6%) және Шығыс Қазақстан (99,3%) облыстарында өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаудың төмендеуіне байланысты болып отыр.
• Азық-түлік өндірісі 4,4%-ға ұлғайды (жоспар 5%).
Анықтама ретінде. Жоспарлық мәннің 0,6 пайыздық тармағына қол жеткізбеу Солтүстік Қазақстан облысында ұн (155%-дан 148%-ға дейін) және сүт өндірісінің (135%-дан 117%-ға дейін), сондай-ақ Ақмола облысында өңделген ірі қара мал еті өндірісінің төмендеуіне байланысты орын алды.
• Сусындар өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,9 %-ға төмендеді (жоспар 103,0%).
Төмендеу Алматы облысында және Алматы қаласында байқалып отыр.
Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша «Синалко» концентратының өзіндік құнының өсуіне байланысты «TerraNova» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс көлемі қысқарған. Осының салдарынан сусындар өндірісінің төмендеуі орын алып отыр.
Алматы қаласы бойынша төмендеу алкогольдік сусындар (сыра) өндірісімен байланысты, ол Қаржы министрлігінің құзыретіне кіреді.
Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша ірі сыра өндірушісі «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС-нің қаптама көлемін 0,5-тен 0,45 литрге дейін (даунсайзинг) ауыстыруы өндірістің төмендеуіне себеп болып отыр (алкогольді сусындар Қаржы министрлігінің жауапкершілік аймағы, АШМ тек алкогольсіз сусындарға жауап береді).
Республикалық бюджеттің орындалуы
Министрлікке 2018 жылы республикалық бюджеттен 355,5 млрд. теңге бөлінді.
Есепті кезеңге арналған игеру жоспары 240,2 млрд. теңгені құрайды, іс жүзінде 233,2 млрд. теңге немесе жоспардың 97,1 %-ы игерілді.
Анықтама ретінде:
Орындалмағаны 7 058,2 млн. теңге:
490,4 млн. теңге – бюджеттік қаражатты үнемдеу.
Игерілмеген 6 567,8 млн. теңге:
ветеринария бойынша – 449,9 млн. теңге;
орман қорларын және жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету бойынша – 352,7 млн. теңге;
ғылыми зерттеулерлі және шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша – 2 525,7 млн. теңге;
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу үшін жағдай жасау бойынша – 25,1 млн. теңге;
су қорларын басқару бойынша– 8,8 млн. теңге;
әкімшілік шығындар – 3 205,6 млн. теңге.
Игерілмеудің басты себебі конкурстық процестердің ұзақ уақыт бойы өткізілуі, оның ішінде өтпей қалған конкурстар, қызмет көрсету және тауарларды ұсыну қорытындыларынан кейін төлеу және т.б. болып табылады.

Назарларыңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved