Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына баяндама

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына баяндама

 «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 тамыздағы Жарлығын орындау үшін әзірленді. 
Бұдан бұрын, 2016 жылғы 6 мамырдағы Президентінің Жарлығына сәйкес 30 маусымда тиісті Заңмен 2016 жылғы  31 желтоқсанға дейін Жер кодексінің жекеленген нормаларына мораторий енгізілген болатын, атап айтқанда:
1) ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке беру;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге (азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға) жалға беру;
3) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру.
Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Комиссия мүшелерімен ауыл шаруашылық жерлерін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жалға беру институтын сақтап, оны күшейту мақсатында бірқатар ұсыныстар қабылданды (жерді тиімді пайдалану, құнарлығын арттыру, конкурстардың жариялылығын қамтамасыз ету, жалға алушылардың жауапкершілігін арттыру, бір қолға жалға берілетін жерлердің көлеміне шектеу қою, жайылымдар мен шабындықтар мәселесін реттеу және т. б).
Жер кодексінде мораторий жарияланған баптар бойынша негізделген нақты шешімдер қабылдау үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуы туралы дәйекті мәліметтерді толықтыру, оларға егжей-тегжейлі түгендеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ескере отырып,                         Комиссиямен қолданыстағы мораторийдің мерзімін 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы ұсыныс берілді.
Аталған ұсыныстар Мемлекет Басшысының Жарлығымен мақұлданды.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалы жағдайы, олардың  пайдаланылуы, меншік иелелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасын құруға бағытталған ревизия және топырақтық, геоботаникалық зерттеуді, оның кадастрлық құнын анықтауды қамтитын жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.
Аталған мәліметтер ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды жоспарлау мен бақылауға негіз болып табылады. Бұл жұмыстарды жүргізу қосымша уақытты талап етеді.
Осы  Заң жобасы қолданыстағы мораторийдің  тек қана мерзімін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды көздейді. Басқа өзгеріс  қарастырылмаған.
Заң жобасы мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берумен байланысты мәселелерді заңнамалық реттейді.
Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қолдауларыңызды сұраймын. 
Назарларыңызға рахмет.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus