Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Министрліктің орталық аппарат қызметкерлері, еңбек ардагерлері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, салалық ЖОО, бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.


Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Елбасының жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламаға жалғасты.



ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика