Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен Арман Қайратұлы Евниев ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Евниев А.Қ. 1968 жылы 21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтында (1990) ғалым-агроном мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын (2001), Қарағанды «Болашақ» университетін (2002) тәмамдады.

Еңбек жолын 1985 жылы совхозда қарапайым жұмысшы болып бастады.

1990-1994 жж. Солтүстік Қазақстан облысында «Степной» кеңшарының агрономы, бас агрономы болып жұмыс істеді.

1994-1999 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Мәскеу ауданында ХХV Партсъезд атындағы «Жаңаөзен» ЖШС-де директор қызметін атқарған.

1999-2000 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі аппаратында кеңесші және бөлім меңгерушісі, Парламент Мәжілісі аппаратында Экономикалық реформа және жергілікті даму комитетінің Хатшылында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

2002-2005 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры болды.

2005-2006жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.

2007-2008жж. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008-2010 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі.

2011 жылы «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК төрағасының орынбасары;

2011 жылы «Қазақстандық АӨК бойынша іскерлік кеңес» Ассоциациясының төраға орынбасары;

2013-2016 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2016-2017жж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымында болды.

«Құрмет» орденінің иегері.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved