Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесі қызметкерлері жасаған жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесі қызметкерлері жасаған жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесі қызметкерлері жасаған жемқорлық құқық бұзушылықтарды салыстырмалы талдау жасалған құқық бұзушылықтар санының төмендеу серпінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сүйенсек жасалған сыбайлас жемқорлықтар үшін:
сотталған:
2012 жылы – 23 адам,
2013 жылы – 31 адам, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 34,7%-ға жоғары;
тәртіптік жауапкершілікке тартылған:
2012 жылы – 39 адам,
2013 жылы – 14 адам, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 64,1 %-ға төмен;
әкімшілік жауапкершілікке тартылған:
2012 жылы – 2 адам,
2013 жылы – әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.
Бұл ретте, құқық бұзушылықтарды облыстық және аудандық деңгейдегі аумақтық инспекциялар және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлері жасағанын айта кету керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығын орындау үшін шаралар қабылданды және 2 басшы қызметінен босатылды, 14 басшыларға сөгіс, қатаң сөгіс түрінде жаза қолданылды, 1 басшыға қатысты қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды, 1 басшы қызметінен төмендетілді.
2014 жылғы 22 қаңтарда АӨК мемлекеттік инспекция, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеттер облыстық аумақтық инспекциялардың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әрекеттері мәселелері бойынша видеоконференция (on-line) режимінде кеңестер өткізді.
Кеңестер қорытындысы бойынша аумақтық инспекциялар басшыларына тиісті шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту туралы тапсырма берілді.

13.05.2014

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus